Қазақстанда есірткі өндірген шетелдіктер 17,5 млн АҚШ доллары көлемінде пайдаға кенелмек болған - жолы кесілді

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы облысы Қарасай ауданының "Тұрар бақшасы" елдімекенінде синтетикалық есірткілерді өндіру және таратумен айналысқан көрші елдің екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасырын есірткі зертханасы Шу қаласынан Алматы облысына "бақыланатын жеткізу" әдісімен жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде табылды.

"Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 11 келіден астам синтетикалық "мефедрон" есірткісі тәркіленді. Нәтижесінде айналымға құны 1,6 млн АҚШ долларын құрайтын шамамен 35 мың бір реттік дозаның түсуіне жол берілмеді. Сонымен қатар зертханаға жүргізілген тінту барысында 20 литр және 115 кг психотроптық зат, сондай-ақ екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Оларды өңдеу арқылы 120 кг синтетикалық есірткі дайындау жоспарланған",- делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, қылмыстық ортаға 17,5 млн АҚШ доллары көлемінде залал келтірілді.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін Алматыда жолаушылар автобусы өртенгендігі хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды