Семейлік тұрғын танысын 7,5 млн теңгеге сан соқтырған

Фото: freepik
Семей қаласының 52 жастағы тұрғыны полицияға алаяқтық дерегі бойынша шағымданды.

Анықталғандай, 2024 жылдың шілде айында оның танысы арзан бағамен пәтер алып беремін деп сендіріп, 7,5 миллион теңгені қолма-қол алып кеткен.

41 жастағы күдікті жәбірленушімен арадағы сенімді пайдаланып, пәтер мәселесін шешемін деп уәде еткен. Алайда келісім жүзеге аспай, алынған қаражат жеке мақсаттарға жұмсалған.

Күдікті ұсталып, тергеу барысында өз кінәсін мойындады. Ақша қайтарылған жоқ. Аталған факті бойынша ірі көлемдегі алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция тұрғындарға ескертеді: ресми келісімсіз, құжаттарды тексермей тұрып ешкімге ақша бермеңіздер. Тіпті таныстарыңызға да.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды