Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері, "Халық қаһарманы" Әбдіғали Қаймолдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылдың 14 шілдесінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


"Әбдіғали Қаймолдин жастай майдан даласына аттанып, ерен ерлігімен жеңісті жақындатуға зор үлес қосқан батыр тұлға болды. Бейбіт кезеңде мемлекеттік және қоғамдық істерге белсене араласып, ел игілігі жолында ұзақ жыл қызмет етті. Ғасыр жасап, соңына өнегелі жол қалдырған Әбдіғали Қаймолдиннің жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жаннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.
Молния
Ұлы Жеңіс
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайдағы турнирде Қазақстанның сегіз боксшысы медальға таласады

Президент жаңа судьяларды тағайындап, кейбірін қызметінен босатты

Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр мен аптап ыстық қатар жүреді – ауа райы болжамы

"Аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды