20-дан аса адам зардап шекті: Алматыда жантүршігерлік жаппай жол апаты болды

Сурет: Zakon.kz
Алматының шетінде Бурундайская көшесінде МАЗ маркалы кранның, №10 маршруттық автобустың және бірнеше жеңіл машиналардың қатысуымен жаппай жол апаты болды. 20-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға куәгерлердің айтуынша, бір сәтте кран жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол үстінде Mercedes пен KIA маркалы екі көлікті соғып өткен.

Одан соң ол ары қарай жүйтки, жолдың қарсы бетіне шығып, іші адамға толы жолаушылар автобусымен бетпе-бет соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz

Қатты соққыдан автобус керіге кетіп, Subaru маркалы көлігін түйіп жібереді. 

Subaru жол үстінде шыр айналып, қайтадан автобустың артқы жағына соғылады.

Сурет: Zakon.kz

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде бес баласы бар әйел болған. Олардың жағдайы туралы әлі ештеңе белгісіз.

Соңғы мәліметтер бойынша, 20-дан астам автобус жолаушысы дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, олар оқиғаның барлық мән-жайын анықтайтын болады.

Zakon.kz редакциясы ресми түсініктеме алу үшін Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіне жүгінді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады