Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Бағанашыл" балалар үйі Қонаевқа көшірілмейді

Фото: akorda.kz
2025 жылдың 21 шілдесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді Алматыдан Қонаевқа көшіруге қатысты жағдайға реакциясы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram-арнасында "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды, – деп жазды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді. Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді", – деп жазды Руслан Желдібай.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.

Бұған дейін Алматыдағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау жөніндегі облыстық орталығы" ММ ғимаратының апатты жағдайына байланысты балаларды Қонаев қаласында орналасқан балалар үйінің жаңа ғимаратына көшіру туралы шешім қабылданғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Молния
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты