Қарағандылықтарды қомақты ақшаға алдаған күдікті анықталды

Фото: Zakon.kz
Көлік алуға деген үмітін арқалаған қарағандылық тұрғын алаяқтардың арбауына түсіп, Теміржол полиция бөліміне арызданды.

2022 жылдың күзіне қарай 29 жастағы азамат белгілі бір маркалы көлікті иеленгісі келген, алайда қажетті қаражаты жетпеген.

Осы сәтте оның танысы сенімді делінген көлік сатушысын ұсынып, екі тарап шарттарын келіскен соң, жәбірленуші 2,6 млн теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған. Алайда уәде етілген көлікке ол 2,5 жыл бойы қол жеткізе алмаған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары алаяқтық әрекеттерге қатысы бар 55 жастағы Алматы тұрғынын анықтады. Тергеу нәтижесінде күдіктінің тек Қарағандыда ғана емес, Приозерск қаласында да ұқсас алаяқтық әрекеттерге барғаны белгілі болды.

Ол үш бірдей жергілікті тұрғынды алдап, жалпы сомасы 14,6 млн теңге көлемінде қаражаттарын иемденген. Қылмыскер азаматтардың сеніміне кіріп, түрлі уәделермен оларды алдаған.

Теміржол полиция бөлімі жүргізген тергеу нәтижесінде күдіктінің қатысуымен тағы бір – 2,46 млн теңге көлеміндегі алаяқтық дерегі тіркеліп, қылмыстық іске қосылды. Осылайша келтірілген жалпы материалдық шығын 19 млн теңгеден асты.

Тергеу барысында күдіктінің кінәсін дәлелдейтін айғақтар толық жиналып, іс сотқа жолданды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған. Полиция азаматтарды алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін барынша қырағылық пен сақтық танытуға шақырады.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты