Павлодарда полиция есірткі қылмысына қатысы бар алматылық екі тұрғынды ұстады

Фото: Zakon.kz
Павлодар қаласында полиция қызметкерлері Алматы қаласының екі тұрғынын қолға түсірді.

Тінту барысында олардан белгісіз ұнтақ заты салынған 58 орама табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар Павлодардағы уақытша тұрып жатқан мекенжайынан ұнтақ зат салынған екі полиэтилен пакет, оқшаулағыш таспа, zip-lock қалташалар, магниттер, электрондық таразылар мен фольга алынған.

"Алынған заттарға қатысты сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдіктілерге бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ белгіленді. Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу және өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Полиция азаматтарды заңсыз әрекеттерге куә болған жағдайда 102 нөміріне қоңырау шалуға, "Police 102" мобильді қосымшасын пайдалануға немесе @dp_pavlodar Instagram парақшасының директіне жазуға шақырады. Анонимдікке толықтай кепілдік беріледі.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған