Маңғыстауда екі адамды құтқарып, өзі суға батып кеткен бес балалы ер адамның отбасына пәтер берілді

Фото: unsplash
Маңғыстауда екі адамның өмірін сақтап, өзі суға батып кеткен Ерлан Шонтабаевтың отбасына пәтер берілді. Бұл мәліметті облыстық әкімдік растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін, 6 тамызда екі адамның өмірін құтқарып, өзі суға кеткен Ерлан Шонтабаевтың отбасына Ақтау қаласынан жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Қоныстануға дайын тұрған пәтер құрылыс компаниясының демеушілігімен берілді. Сонымен қатар демеушілердің есебінен марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетілді", делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетсек, 26 шілдеде Ерлан Шонтабаев Ақтау қаласынан шамамен 30 шақырым қашықтықта орналасқан, шомылуға арналмаған жағажайда суға батып бара жатқан екі қызды аман алып қалған. Сондай-ақ, өзімен бірге көмекке ұмтылған тағы бір азаматты құтқаруға тырысқан сәтте, қатты толқынның салдарынан өзі суға батып кеткен. Марқұмның артында жары мен бес баласы қалды.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Жаңа оқу жылында қазақстандық оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды