Тоқаев Лучано Росси мен Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахты орденмен марапаттады

Сурет: akorda.kz
Президент Тоқаев Лучано Росси мен Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахты ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2023 жылғы 15 тамызда хабарлады.

"Мемлекет басшысы Лучано Росси мен Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахты ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады", - делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық нысана көздеу федерациясы (ISSF) және Нысана көздеуден Азия конфедерациясының (ASC) жетекшілерін қабылдаған еді.

Мемлекет басшысы еліміз спорттың нысана көздеу түрлерін дамытуға бұрыннан ерекше мән беретінін атап өтті. 

Президент алдағы уақытта нысана көздеу және стенд ату спортын дамытуға дайын екенін жеткізіп, шетелдік серіктестермен ықпалдастықты кеңейту үшін қажетті шаралар қабылдайтынын айтты.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты