Тоқаев Украина, Үндістан, Грузия және өзге де елдердің басшыларына ыстық ықыласын жолдады

Сурет: akorda.kz
Ақордада 2025 жылғы 28 тамызда сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, сенім грамоталарын табыстады:

  1. Украина елшісі Виктор Майко;
  2. БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Сарангоо Раднаарагчаа;
  3. Үндістан Республикасының елшісі Я.К. Сайлас Тангал;
  4. Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының елшісі Осман Михаджи;
  5. Швеция Корольдігінің елшісі Ларс Стефан Эрикссон;
  6. Бельгия Корольдігінің елшісі Эрик де Майер;
  7. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісі Салли Джейн Аксуорси;
  8. Латвия Республикасының елшісі Даце Рутка;
  9. Грузия Республикасының елшісі Леван Диасамидзе.
"Президент дипломаттарға Қазақстанның көп векторлы және теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы еліміздің конструктивті диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық екенін айтып, жаңадан тағайындалған елшілер Қазақстанмен серіктестік байланыстарды нығайту мен кеңейту ісіне белсенді түрде үлес қосатынына сенім білдірді",- делінген ақпаратта. 

Қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ыстық ықыласын жолдады.

Ұлыбритания
Қазақстан
БҰҰ
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты