Қарағанды облысында орманда адасып кеткен әжей өзі қалдырған белгілердің көмегімен табылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағанды облысында орманда қарт әжей адасып қалған. Оның табылуына жолдың бойына қалдырған белгілері көмек болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушыларға 2 қыркүйекте таңғы сағат 10: 00-де 1954 жылы туған әйел адам демалыс аймағының аумағынан серуендеу үшін кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Іздестіру жұмыстары Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы "Шахтер" демалыс аймағында жүргізілді. Құзырлы ведомство жариялаған видеода жерде: "Стоп. Я, Люба, заблудилась" деген жазу және нұсқау белгілері көрінеді.

"Іздестіру жұмыстары түні бойы жалғасты. Орманды зерттеу үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппараты мен кинологиялық жасақты жұмылдырды. Бүгін күндіз ТЖМ іздестіру тобы демалыс аймағынан 8 шақырым жерде орманда әйелді тауып алды. Оған медициналық көмек қажет болмады", делінген хабарламада.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі