Абай облысында полицейлер көліктен шыққан өртті дер кезінде сөндірді

Сурет: ҚР ІІМ
Абай облысы Үржар ауданы полиция бөлімінің Патрульдік полиция тобына қарасты қызмет инспекторлары Абылайхан даңғылы бойымен патрульдеу кезінде жол жиегінде тұрған, өртке оранған Audi 100 автокөлігін байқап қалады.

Азаматтардың өміріне қауіп төндірмеу мақсатында полиция қызметкерлері дереу әрекетке көшіп, жол қозғалысын уақытша тоқтатып, Өрт сөндіру қызметін шақырған.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тәртіп сақшылары жедел түрде қауіпсіздік шараларын ұйымдастырып, айналадағы азаматтарды қауіпсіз аумаққа көшіріп, оқиғаның ауыр зардаптарға ұласуына жол бермеді.

Сонымен қатар полиция инспекторлары өрт сөндіру құралын пайдалана отырып, көліктегі жалынды сөндіруге кіріскен. Олар өрттің отын багына жетуіне жол бермей, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Өрт сөндіру қызметі шұғыл келіп, полициямен үйлесімді және тиімді әрекеттесуінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, өрт көліктің электр жүйесіндегі ақаудан туындауы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді