Өскемендік кәсіпкер алаяққа сеніп, ірі көлемде ақшасынан айырылды

Фото: Zakon.kz
Өскемен қаласында жеке кәсіпкер әйел алаяқтың құрбаны болып, полицияға арызданды.

Оқиға жаз айларында басталған. Дүкенге келген бейтаныс әйел өзін қаржы мәселелерін шешуге және бизнесті дамытуға көмектесетін адам ретінде таныстырған.

Жалған бизнес-жоспарын ұсынып, сенімді түрде сөйлеп, кәсіпкердің сеніміне кірген. Күдікті екі ай ішінде түрлі сылтаулармен, оның ішінде несие рәсімдеу үшін деп, жәбірленушіден жалпы сомасы 23 миллион теңге алған.

Сонымен қатар пайызбен қарыз алып, қолхаттар жазып бергенімен, тамыз айының соңына дейін қаражатты қайтарамын деген уәдесін орындамаған. Аталған дерек бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция азаматтарға ескертеді:

Күмәнді жағдай туындаған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласу ұсынылады.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды