Алматыда жедел жәрдем көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 16 қыркүйекке қараған түні Алматыда жедел жәрдем көлігі мен Audi 100 автокөлігі жол-көлік оқиғасына ұшырап, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Audi көлігі Мамбетов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Ал жедел жәрдем көлігі инфекциялық ауруханаға шұғыл бара жатып, Үлкен Алматы каналы бойымен батыс бағытта қозғалған.

Сурет: Zakon.kz

Жедел жәрдем көлігі шамдарын қосып, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен. Сол сәтте Audi жүргізушісі рұқсат етілген жасыл жарықпен қиылыстан өтіп бара жатқан. Нәтижесінде жедел жәрдем көлігі жеңіл автокөлікке соғылып, оны бірнеше метрге дейін сүйреп кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Соққының негізгі бөлігі Audi жүргізушісіне тиген, ол жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ жедел жәрдем көлігінде баласын ауруханаға алып бара жатқан әйел адам да зардап шекті. Ол да ауруханаға жатқызылды. Ал оның баласы инфекциялық ауруханаға әрі қарай жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты болған жерде жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, олар оқиға бойынша тиісті құжаттарды толтыруда.

Еске салсақ,Маңғыстау облысында 11 қыркүйекте жолаушылар тасымалдаған шағын автобус апатқа ұшырап, ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан сегіз адам оқиға орнында, тағы екі адам ауруханаға барар жолда көз жұмды. Сондай-ақ, Жетісу облысында 14 қыркүйек күні шамамен сағат 01:30-да Алматы – Өскемен тасжолында болған жол апаты 10 адамның өмірін қиды. Қарағанды облысында да жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам көз жұмды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты