Қарағандыда әмиян мен велосипед ұрлады деген күдікпен екі тұрғын қолға түсті

Фото: Zakon.kz
Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде азаматтардың жеке мүлкін ұрлады деген күдікке ілінген екі жергілікті тұрғын құрықталды. Бірінші оқиға қоғамдық көлікте болды.

26 жастағы күдікті жас жігіттің әмиянын жасырын ұрлап кеткен. Әмиян ішінде ақшадан бөлек, маңызды құжаттар мен банктік карталар болған. Бұл жағдай жәбірленушіге айтарлықтай қиындық тудырды. Екінші дерек тұрғын үйдің подъезінде тіркелді.

19 жастағы қала тұрғыны 20 жастағы қыздың велосипедін қолды қылған. Шығын көлемі 117 мың теңгені құрады. Жедел әрекет еткен полицейлер күдіктілерді қысқа мерзімде анықтап, ұстады. Ұсталғандардың бірінен ұрланған құжаттар мен банктік карталар табылса, екіншісінің тұрғылықты жерінен велосипед тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша істер қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктілердің қала аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Полиция тұрғындарды сақ болуға, қоғамдық орындарда жеке заттарына мұқият қарауға және мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды