БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті құрықталды

Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 31 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Ол бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында күдіктінің әлеуметтік желілер арқылы адамдармен танысып, түрлі сылтаулармен, соның ішінде басқа оқу орындарына ауыстыруға көмектесемін және жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, азаматтардың ақшасын алдап алғаны анықталды.

Оның әрекетінен Батыс Қазақстан облысының 10 тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 млн 400 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті Алматы қаласында ұсталып, Орал қаласына жеткізілді және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оның Қазақстанның басқа өңірлерінде осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды