Алматы облысындағы су қоймасы мұрагерлік арқылы беріліп, кейін мемлекетке қайтарылды

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алматы облысындағы "Ворошилов" су қоймасы 2024 жылы бөгеті жарылып, қайғылы жағдайға себеп бола жаздаған еді. Белгілі болғандай, нысан заңсыз түрде жекеменшік басқаруда болған. Сот оны мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі 2025 жылғы 18 қыркүйекте хабарлағандай, су қоймасы 2017 жылы жеке кәсіпкерге 49 жылға сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген. 2021 жылы кәсіпкер қайтыс болғаннан кейін су қойманы басқару құқығы қосымша келісім негізінде оның жұбайына мұрагерлікпен өткен.

"Алайда сенімгерлік басқару шарты мен бизнес-жоспардың талаптары тиісінше орындалмағандықтан, тиісті бақылаудың болмауы мен тиімді басқарылмауы салдарынан 2024 жылы су қоймасының негізгі бөгеті жарылды. Бұл мемлекет мүлкіне елеулі залал келтіріп, үлкен жер алқаптары сусыз қалды. Жесір әйелге бірнеше рет талап қойылғанымен, ол тиісті шара қабылдамаған. Осыған байланысты Қаржы басқармасы сотқа жүгінуге мәжбүр болды", – делінген хабарламада.

Ведомство соттан мына талаптарды қойған:

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты істі қарай келе, ҚР Азаматтық кодексінің 891-бабына сүйенді. Онда сенімгерлік басқарушы қайтыс болған жағдайда, онымен жасалған келісімнің күшін жою қарастырылған.

"Нотариус мұрагерлерге су қоймасына қатысты мүліктік емес құқықтарды беруге құқылы болмаған, өйткені олардың ондай құқықтары болмаған (ҚР АК 1040-бабы). Осылайша, 2021 жылғы қосымша келісім материалдық құқық нормаларына қайшы келеді. Сенімгерлік басқарушы қайтыс болғаннан кейін жаңа конкурс жарияланып, оның жеңімпазымен басқару туралы шарт жасалуы тиіс еді", – деп түсіндірді сотта.

Нәтижесінде талап ішінара қанағаттандырылды. Сот қаулысымен:

Сот жесірді су қойманы коммуналдық меншікке қайтаруға міндеттеді.

Шешім заңды күшіне енді.

Еске салайық, "Ворошилов" су қоймасының бөгеті 2024 жылғы 30 наурызда бұзылған еді. Облыстық прокуратураның мәліметінше, салдарынан Жармұханбет өзенінің бойында орналасқан екі көлдің табаны толып, су басу қаупі бар екі елді мекенге қатер төнді. Бұл ауылдарда 12 мыңнан астам адам тұрады, олардың бір бөлігі шұғыл эвакуацияланған.

Айта кетейік, су қоймасы жеке кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға берілгенімен, түпкілікті баланс ұстаушы Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының "Ілеирригация" ӨКК болып қала берген. Жүргізілген талдау нәтижесінде облыстық прокуратура ҚР ҚК 371-бабы ("Салғырттық") бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды