Алматылықтарға бір мезетте жер сілкінісі туралы хабарлама не үшін жіберілді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына шұғыл хабарламаның не үшін келіп түскенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 21 қыркүйек Астана уақытымен 16 сағат 25 минут 19 секундта жер сілкінісі тіркелген, осыдан кейін Masalert жүйесі автоматты түрде хабарландыру таратты, делінеді ТЖД түсініктемесінде.

Қандай да бір ақау ықтималдылығына қарамастан ТЖД аталған жүйенің мынандай бірқатар артықшылықтарын атап көрсетеді:

"Mass Alert жүйесі SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие. Ескерту желіні қамтитын барлық аймағында,ы абоненттерге мобильді операторлар, сондай-ақ жеке таңдалған географиялық аймақтар бойынша тарайды. Сонымен қатар, жүйе желінің шамадан тыс жүктелу жағдайында да жұмыс істей береді. Cell Broadcast технологиясының басты артықшылығы - қамту аймағындағы барлық абоненттерді бірден және жаппай ескерту".

Бұған дейін алматылықтар жер сілкінісі туралы бір мезетте хабарлама алғанын жазғанбыз. Алматыдағы жер сілкінісінің тербелісі сезілмегені де белгілі

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады