Астанада полиция жоғалған бойжеткенді тауып, анасымен қауыштырды

Фото: Zakon.kz
Елорда тұрғыны хабарласып, 27 жастағы қызына бір аптадан астам уақыт бойы хабарласа алмай отырғанын жеткізді.

Денсаулығына байланысты жүре алмайтын ана полициядан көмек сұрап, "102" арнасына жүгінді. Жедел әрекет нәтижесінде Астана қаласы полиция департаменті Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру шараларын ұйымдастырды.

Оған жедел уәкіл Бағлан Тұрсынбай, жедел-криминалистика бөлімінің криминалисі Рахат Жұмабаев және тергеуші Марат Бортан қатысып, бірлесіп жұмыс жасады.

Қыздың мекенжайы тез арада анықталып, бойжеткен табылды. Жедел қызметкерлер оны анасына аман-есен табыстап, отбасына қауыштырды.

Қуанышқа бөленген азаматша полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіріп, олардың жылдам әрі кәсіби әрекетін жоғары бағалады.

Полиция тұрғындарға кез келген төтенше жағдай бойынша дереу "102" арнасына хабарласуды ескертеді. Әрбір шағым мен өтініш полицейлердің ерекше назарында.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады