Алматыда жол апатынан электровелосипед мінген ер адам көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 25 қыркүйекте Алматы қаласының Түрксіб ауданында, Гёте көшесінде электровелосипед жүргізушісі қатысқан ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам көшеде батыс бағытта қозғалып келе жатқан. Сол кезде қосылатын жолдан "Жол бер" белгісін елемеген Nissan Terrano жүргізушісі шығып, соқтығыс орын алған.

Сурет: Zakon.kz

Қатты соққы салдарынан жәбірленуші алдымен көліктің капотына, кейін алдыңғы әйнегіне, одан соң тағы бірнеше метрге ұшып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Куәгерлер жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келген соң ер адамды ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізді. Алайда кейінірек оның қайтыс болғаны белгілі болды.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сурет: Zakon.kz

Zakon.kz тілшісі бұл жайтқа байланысты пікір алу үшін қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.

Бұған дейін Астанада қоқыс шығару тарифі тағы қымбаттауы мүмкін екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды