Маңғыстау облысында сарбаздардың суицид жасауға әрекеттенуі: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың қыркүйек айының соңында бірқатар БАҚ-та суицид жасауға әрекеттенген жеті мерзімді қызмет сарбазы бір мезетте психиатриялық ауруханаға түскені туралы ақпарат пайда болды. Қорғаныс министрлігі осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ-тарда тараған ақпаратқа сәйкес, Маңғыстау облысындағы әскери бөлімдердің бірінің жеті әскери қызметшісіне қатысты дәрігерлер қолдарынан кесік орындарын тіркеген. Тексеруден кейін үшеуін мамандар өз бақылауында қалдырып, ал төртеуін ата-аналары психикалық бұзушылықтар туралы анықтама рәсімдеп, үйлеріне алып кеткен.

Ауруханаға жатқызылғандардың бірінің анасы баласының өз-өзіне бірнеше рет қол жұмсауға әрекеттенуінің себебі әскердегі  "дедовщина" мен жыныстық зорлық-зомбылық екенін айтты.

"Жеті әскери қызметшінің суицидтік мінез-құлқы туралы тараған бірқатар басылымдағы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта медициналық мекемеге мерзімді қызметтің үш әскери қызметшісі жатқызылды, оларда суицидке бейімділік көріністері тіркелді. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, олар барлық қажетті емдеу шаралары мен медициналық бақылаумен қамтамасыз етілген. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша олардың әскери қызметті одан әрі өткеру-өткермеуіне қатысты шешім қабылданатын болады", – деп Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді.

Сондай-ақ құзырлы министрлік мынаны да нақтылай кетті:

"Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай әрекеттер кейде қызметтен жалтару үшін әдейі жасау сипатына ие болуы мүмкін. Барлық жағдайларды бейінді мамандар мұқият тексеріп, талдайды".

Сондай-ақ, ведомство бопсалау, заңсыз әрекеттер және жұмысқа мәжбүрлеп жегу фактілері бойынша құзыретті құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатқандығын да жеткізді.

18 қыркүйекте Алматы облысында қайғылы оқиға болды: 19 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз дарға асылулы күйінде табылды. 

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты