ШҚО-да дөрекі ауыл әкімінің әрекеті Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын болды

Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы ауыл әкімі жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында балағат сөздер айтқан. Әкімнің бұл теріс қылығы облыс әкімдігінің назарына ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздерге жол берген Зайсан ауданындағы ауыл әкімінің видеосы анықталды. Видеодан Шілікті ауылдық округі әкімінің жергілікті тұрғындармен өте дөрекі сөйлесіп, тіпті балағат сөздер де айтқанын көруге болады.

"Осы фактіге байланысты ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолдады. Онда қызметтік әдеп нормаларының бұзылу мәселесі қаралады. Мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс", делінген облыстық әкімдік хабарламасында.

Облыс басшылығы былапыт сөз қолдануға, әдепсіз қылық танытуға түбегейлі қарсы екендерін айтып, осы ретте, этикалық нормаларды бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатаң жаза қолданылатынын ескертті.


Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды