ШҚО-да былапыт сөздерді қарша жаудыртқан ауыл әкімі халықтан кешірім сұрады

Сурет: telegram/tilkespekjoq бейнесінен кадр
ШҚО облысы, Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеухан бейәдеп сөздер айтып, айғайға басқаны үшін көпшіліктің сынына қалды. Оның ендігі тағдыры Әдеп жөніндегі кеңес арқылы шешілмекші, бұл ретте әкім жұртшылықтан кешірім сұрап та үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешірім сұраған бейнежазба 8 қазан күні әлеуметтік желіде тарады. Видеода әкім осы ауылда туып-өскенін, оның дамуы үшін бар күшін салып жүргенін жасырмады.

"Кеше бізде қоғамдық тыңдау өтті. Бірақ белгісіз адамдар келіп, оған кедергі жасады. Нәтижесінде тыңдау бес сағатқа созылды. Сол сәтте мен эмоцияға беріліп, бейәдеп сөздер айтып қойдым. Бұл әрекетім үшін Шілікті ауылдық округінің халқынан кешірім сұраймын", – деді әкім.

36 жастағы әкімге тек жоғары мемлекеттік орган тарапы ғана емес, полиция да шара қолдануға дайын. Полиция ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлімі ("Қоғамдық орындарда дөрекі сөз сөйлеу") бойынша оны жауапқа тарту үшін материалдарды сотқа жолдаған.

Бұған дейін ШҚО-да дөрекі ауыл әкімінің әрекеті Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын болғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс