Қаржы министрлігі салықтық есептіліктің жаңа нысандарын әзірледі

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Салықтық есептілік нысандарын, оларды толтыруға арналған түсіндірмені және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат жобасында төмендегілер көзделген:

Қаржы министрлігінің түсіндіруінше, бұл жобаны қабылдау салық төлеушілер мен салық агенттерінің салықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, салықтық жүктемені азайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, жаңа тәсілдер қызмет көрсету уақытының қысқаруына, қолжетімділіктің, ашықтықтың және кері байланыстың артуына, сонымен қатар салық органдарымен өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал етпек.

Құжат әзірлеушілерінің пікірінше, жаңа салықтық есептілік нысандары салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара байланыс сапасын жақсартады.

Жоба 24 қазанға дейін көпшілік талқылауға "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды