Қарқаралы тауында адасып кеткен туристер дрондардың көмегімен табылды

Сурет: pixabay
Қарағанды облысы Қарқаралы тауында құтқарушылар адасып кеткен үш туристті құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.


"Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, үш туристі іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Олар бүгін таңертен серуендеу үшін тауға көтеріліп, адасып кеткен. Таулы аумақты қарау үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданды",-делінген ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, ТЖМ іздестіру тобы туристерді Қарқаралы қаласынан 8 шақырым қашықтықтағы таулы жерде тапты. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ таулы жерлерде маршруттарға шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін және жақын адамдарына немесе құтқару қызметтеріне қозғалыстың жоспарланған бағыты туралы алдын ала хабарлау қажеттігін еске салды.

Бұған дейін Қарағандыда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен мас жүргізуші ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер