ҰҚК халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықтың ұсталғанын хабарлады

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2025 жылдың 14 қазанында халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 11 қазанда ҰҚК қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізген.


"Көрсетілген адам аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген ҰҚК хабарламасында.

2025 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан тарихындағы ең ірі кокаин партиясын ҰҚК тәркіледі деген ақпарат жария болды.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі