Шымкентте жастарға арналған жалдамалы пәтерлерді бөгде адамдар иемденген

Фото: Zakon.kz/Алия Абди
Шымкентте жастарға арналған жалдамалы пәтерлерді өз меншігінде баспанасы бар азаматтар иеленгені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арна" ақпаратына сүйенсек, 2019 жылы қала жастарына сатып алу құқығынсыз тұрғын үйлер берілген еді. Олар бұл баспананы 5 жыл жалдап тұруы керек. Алайда өз үйі бар азаматтар бұл бағдарламаны пайдаланып кеткен. Нақтырақ айтқанда, олар 451 пәтерді заңсыз иемденген.

«Енді тексеру қорытындысы бойынша 451 пәтердің барлығы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылады. Ал пәтерді босатпай отырғандар сот арқылы шығарылады», — дейді әкімдік өкілдері.

Белгілі болғандай, кейбірі тіпті пәтерлерді басқа адамға жалға беріп, өзі пайда тауып отырған.

"Тұрғын үй басқармасына бұл бойынша ескерту берілді. Назарға алынды. 439 пәтерді бағдарламаның шартын бұзғаны үшін босату бойынша сот органдарына талап-арыздар түсірілді. Оның екеуі бүгінгі таңда қанағаттандырылды".Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары

Бұған дейін Алматыда тағы 27 жер учаскесі мемлекет қажеттілігі үшін алынбақ екенін жазғанбыз.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты