Ақтөбеде қоғамдық орында әдепсіз әрекетке барған ер адам жазаланды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде қоғамдық орында дәрет сындырған ер адам тұтқындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланып, қоғам тарапынан кеңінен талқыланды. Әлеуметтік желі қолданушылары мұндай әдепсіз әрекетке наразылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігін атап өтті.

Осылайша, Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Құқық бұзушыға қатысты заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

"Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асет Калиев құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме өткізіп, қоғамдық тәртіп пен адамгершілік нормаларын сақтау, сондай-ақ мұндай әрекеттердің заңмен жазаланатыны жөнінде түсіндірме берді",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Атырауда қонақүй кешеніндегі өрттен бірнеше адам зардап шеккенін жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі