Алаяқтар жаңа әдіс тапты: қазақстандықтарға ҚМА атынан қоңырау шалып жүр

Фото: pixabay
Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) 17 қазан күні өз атынан жасалып жатқан телефон және онлайн алаяқтық фактілері туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар өздерін "ҚМА қызметкері" немесе "тексеру жөніндегі заңгер" ретінде таныстырып, азаматтарға хабарласады. Сонымен қатар олар ұйымдарға "сіздің компанияңызға тексеру жүргізілуде" деген мазмұнда жалған хаттар жіберіп, "көмек көрсетуді" сұрайды.

ҚМА қазақстандықтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және жеке мәліметтерді бөтен адамдарға бермеуге шақырады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Агенттік мұндай хаттар жібермейді және телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Біз шот нөмірлерін, SMS-кодтар мен құжаттарға қатысты құпия ақпаратты талап етпейміз.

Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Алаяқтық схема қалай жүзеге асады:

Мұндай қоңыраулар көбіне психологиялық қысымға оңай түсіп, алдануға бейім келетін зейнет жасындағы адамдарға бағытталатынын ескеру қажет.

Егер сіз алаяқтардың нысанасына айналсаңыз:

ҚМА бұл ақпаратты барлық қызметкерлер, достар мен туыстар арасында таратуға шақырды.

Бұған дейін, 16 қазанда Бас прокуратура да қазақстандықтарға бағытталған жаңа кибершабуылдар мен онлайн-алаяқтық қауіптері туралы ескерту жасаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті