Шымкентте алаяқтардың сөзіне сенген отбасы үйі мен көлігін сатып, несиеге батты

Фото: freepik
Шымкент қаласында ерлі-зайыптылар банк қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтардың арбауына түсіп, 25 миллион теңгеден астам қаржысынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы ақпарат 20 қазан күні белгілі болды.

"Полицияға жергілікті тұрғын жүгініп, өз атына белгісіз тұлғалар несие рәсімдеп жатқанын айтып шағымданған. Телефон арқылы өзін банк қызметкері ретінде таныстырған күдіктілер әйелге жалған ақпарат беріп, олардың айтқан нұсқауларына сай әрекет етуге көндірген. Соның салдарынан алаяқтар жәбірленуші мен оның жұбайының атына бірнеше банктен несие рәсімдеген", – деп мәлімдеді ведомстводан.

Алаяқтардың қысымымен отбасы үйі мен көлігін нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағаға сатып жіберген. Ал алынған қаражаттың бір бөлігі белгісіз банктік шоттарға аударылса, қалғанын курьер олардың үйінен алып кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Алматы мен Шымкент қалаларында екі күдіктіні ұстаған. Тергеу барысында ұрланған қаражаттың бір бөлігі Шымкенттегі айырбастау пункті арқылы Грузияға аударылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта "Алаяқтық" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды.

Құқық қорғау органдары азаматтарға бейтаныс адамдардан келген қоңырауларға сенбеуге, әсіресе банк қызметкерлері деп өзін таныстыратын тұлғаларға жеке деректер мен қаржылық ақпарат бермеуге кеңес береді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда бір әйел өзін "арнайы операцияға қатысып жатырмын" деп сендірген алаяқтарға 32 миллион теңгесін берген болатын.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған