Ресейдің 35 мың еңбек мигранты депортацияланды

Фото: unsplash
Ресейде 2026-2030 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы бекітілді. 9 бөлім және 46 тармақтан тұратын құжат елдегі заңсыз миграциямен күреске бағытталған.

Бұдан былай көрші елде шетелдік жұмсышыларға жұмыс істеуге тыйым салынған мамандықтар тізімі жасалды. Әр өңір шешімді өзі қабылдайды.

Мысалы, такси қызметі, қоғамдық тамақтану, фармацевтика салаларында жұмысқа қабылдауға шектеу қойылған.

2025 жылдың ақпанынан бастап шетелдіктердің арнайы ресстрі жасалды. Бұл тізімге іліккендердің есеп-шоттары бұғатталып, тіпті елден шығарылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Сегіз айда 35 мың шетелдік депортацияланды. Алайда Ресейде жұмыс күші жетпей жатыр. Роботтарды жұмысқа тарту туралы бастама көтерілгенімен, техникалық мүмкіндік жоқ.

Сондықтан сарпашылар мигранттарға қатысты заңнаманы жеңілдету керек деп есептейді.

"Тек Мәскеу облысында 5 мың еңбек мигрантының баласы мектепке құжат тапсырып,100 бала қабылданды. Қалған 4900 бала орта білім ала алмайды. Бұл үлкен мәселе. Мигранттар жыл сайын еңбек патенттерін сатып алып, қазынаға 100 миллиард рубль кіріс түсіп отырғанын да ұмытпаған жөн." Вадим Коженов, сарапшы
Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған