Ресейде дәрі қоры 9 айда таусылуы мүмкін

Фото: unsplash
Ресейде қоймада сақталған дәрі қоры тоғыз айда таусылуы мүмкін. Мамандар санкция салдарынан қатты зардап шеккен фармацевтика саласында дағдарыс басталғанын айтады.

Логистиканың бұзылуынан қажетті техника, құрал-жабдық пен дәрі шығаруға шикізат жоқ. Әсіресе АИТВ (ВИЧ) және С гепатитін емдеуге арналған препарат тапшы.

Сонымен қатар, дәріханалар көптеп жабылуда. Өйткені маман жетпейді. Үкімет енді почта қызметкерлеріне де дәрі сатуға рұқсат беру туралы мәселені қарауда, деп жазады qazaqstan.tv.

Алдымен олар 72 сағат оқуы тиіс. Бұл жаңалықтан соң фармацевт саны 20 мыңға азайып, дәрі тағы қымбаттады.

"Бағасы қолжетімді дәріні сату фармацевтикалық компаниялар үшін тиімсіз болып кетті. Өйткені логистика жоқ. Сондықтан арзан бағаға дәрі табу мүмкін емес. Қымбат препараттардың өзі 15-20, тіпті 30 пайызға қымбаттады. Бұл бағаны дәріханалар қоймайды, өндірушілер құнын шарықтатып жіберді." Виктория Преснякова, Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының атқарушы директоры
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі