Семейде түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталушы көз жұмды

Фото: Zakon.kz
Семейде зорлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан сотталушылардың бірі қайтыс болды. Оқиғаға байланысты Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған "сотталғандарды жаппай ауруханаға жеткізу" туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

"Зорлау қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан сотталған өзін жайсыз сезініп, мекеменің медициналық бөліміне жүгінген. Тексеруден кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, бірден жедел жәрдем шақырылды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, ол ауруханада көз жұмды. Алдын ала анықталған өлім себебі – инсульт", – делінген Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар департамент жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін еске салып, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Бұған дейін Алматыда 5 шетелдік теракт жасамақ болғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді