Қарағанды облысында адасып кеткен туристер дронның көмегімен табылды

Сурет: pixabay
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында "Шахтёр" демалыс үйінің маңында әйел мен ер адам тауға серуендеуге шығып, қайта кері орала алмаған. Адасқан туристерді іздестіру үшін оқиға орнына ТЖМ-ның құтқару жасағы аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ іздестіру тобы дронның көмегімен туристерді демалыс үйінен шамамен 2,5 шақырым қашықтықтан тапты.

"Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Қос турист қауіпсіз жерге жеткізілді", делінген хабарламада.

ТЖМ еске салады: орманға немесе тауға шыққанда өзіңізбен бірге қуаты толық телефон, су және азық-түлік қорын алыңыз. Жақындарыңызға бағытыңызды алдын ала хабарлаңыз және қараңғы уақытта жолға шықпаңыз!

Бұған дейін Абай облысында 11 жасар қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді