Орал қаласында полицейлер бірнеше автокөлікті айдап әкеткен күдіктіні қолға түсірді

Сурет: ҚР ІІМ
Күдікті жуырда Audi автокөлігін айдап әкеткеннен кейін жедел түрде анықталып, ұсталды. Көліктің қозғалысы қалалық жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынып, полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет еткен.

Тергеу барысында күдіктінің сол күні тағы бір Volkswagen автокөлігін де айдап кеткені белгілі болды. Бұған дейін ол тағы үш автокөлікті ұрлағаны анықталды.

Жалпы, биылғы жылдың тамыз айынан бері күдікті бес көлікті заңсыз айдап әкеткен. Оның екеуі Бәйтерек ауданында, ал үшеуі Орал қаласында жасалған.

Барлық көліктер табылып, иелеріне қайтарылды. Күдіктінің айтуынша, ол көліктерді "мініп көру мақсатында" айдап кеткенін айтқан.

Алайда полицейлер бұл әрекетті заң бойынша ауыр құқық бұзушылық деп бағалады.

Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді