Ақмола облысында ер адамға адам өлтіруге оқталғаны үшін 10 жыл жаза тағайындалды

Фото: pixabay
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі сотында ер адам бұрынғы әйелін өлтіруге әрекет жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушы бұрынғы жұбайының жұмыс орнына ас үй пышағын алып барған. Кездесу барысында екеуінің арасында жанжал туындаған.

"Сөзге келіспей қалғаннан кейін әйел адам дәретханаға кеткен. Артынан ер адам барып, оның арқасына пышақ сұққан. Әйел қашып шыққанда, ер адам артынан жүгіріп жетіп, тағы бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Көшеге шыққан соң да қуып жетіп, тағы соққылар жасаған. Барлығы тоғыз рет пышақтаған. Көшеде болған куәгерлер оны ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырған", – делінген сот хабарламасында.

Сараптама нәтижесі бойынша, ер адамның есірткіге тәуелді екені анықталып, оған мәжбүрлі ем тағайындалды. Сотта ол өз кінәсін мойындамаған, әрекетін "қорқытпақ болғанымен" түсіндірген.

Сот үкімімен сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ жәбірленушінің емделу шығындарын өтеу туралы азаматтық талап қанағаттандырылды. Бұған қоса, оған жазаны өтеу орнында есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі ем алу міндеттелді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін, 30 қазанда Батыс Қазақстан облысында ер адам бұрынғы әйелін аяусыз өлтіріп, оның бауырына шабуыл жасағаны үшін сотталған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін