Шуда полицейлер 50 келіден астам марихуана тасымалдаған тұрғындарды ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Жергілікті екі тұрғын ұсталды.

ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті, Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Ұлттық ұланның №6506 "Бүркіт" әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлесіп жүргізген іс-шара барысында 50 келіден астам есірткі затын тасымалданған автокөлік тоқтатылды.

Арнайы операция жедел ақпарат негізінде Шу қаласындағы Сәтбаев көшесінде жүргізілді. Полицейлер Mazda автокөлігін тоқтатып, ішінде болған екі жергілікті тұрғынды — жүргізуші мен жолаушыны ұстады. Көлікті тексеру кезінде артқы орындығынан үш қап, ал жүксалғышынан тағы екі қап табылды. Қаптардың ішінде өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат болған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат — кептірілген марихуана есірткісі екені анықталды. Жалпы салмағы 51 келіден астам. Ұстау шарасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды