Қазақстандықтар ойын алаңында бүлдіршінді теуіп құлатқан еңгезердей ер адамды жазалауды талап етуде

Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы балалар алаңында ересек ер адамның балаға шабуыл жасағаны туралы бейне талқыға түсуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Threads желісінде тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласындағы бақылау камераларынан алынған бейне жарияланды. Кадрда ересек ер адам балалар алаңымен жүгіріп өтіп, бар екпінімен бір баланы арқасынан теуіп жібереді. Салдарынан екеуі де жерге құлайды. Біраз уақыттан соң шабуылдаған ер адам орнынан тұрып кетіп қалады, ал бала тізерлеп қалған күйі қимылсыз отырады.

Оқиға Алатау ауданында болған.

"Желіден алынған бейне: еңгезердей еркек 6–7 жастағы балалардың арасына түсіп, кішкентай баланы теуіп жіберген. Анасының айтуынша, кешке баланың жағдайы нашарлап, құса бастаған, артынша тек жатып қалған", – делінген видео астындағы жазбада.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі де оқиғаға қатысты пікір білдірді:

"Әлеуметтік желілерде тұрғын үй кешені ауласында ер адамның кәмелетке толмаған балаға соққы жасағаны түсірілген видео тарауда. Бұл факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның позициясы айқын: балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейді және заң аясында қатаң түрде тоқтатылады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деп хабарлады ведомство.

Оқиғаның толық мән-жайы белгісіз, алайда пікір қалдырған кейбір желі қолданушылары баланың бұған дейін басқа балаларға тас лақтырғанын айтқан. Дегенмен жазба астындағы көпшілік ер адамды міндетті түрде жауапқа тартуды талап етуде.

Бұған дейін Астанада мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген оқушы анықталғанын жазғанбыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды