Павлодарда отбасылық жанжал шығарған ер адам мәжбүрлі емдеуге жіберілді

Фото: freepik
Павлодар қаласында егде жастағы әйел ішімдікке тәуелді ұлының жиі жанжал шығарып, ақша талап етуінен шаршап, учаскелік полиция инспекторына жүгінді.

Бұл туралы Zakon.kz Pavlodarnews.kz ақпарына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция дерегінше, учаскелік инспектор барлық қажет құжаттарды жинап, сот арқылы азаматты алкоголь тәуелділігінен мәжбүрлі емдеуге жіберуге көмектесті.

Сот сонымен қатар оған бір жыл бойы ішімдік пен есірткі қолдануға тыйым салу, сондай-ақ тұрақты түрде психолог көмегін алу жөнінде талап қойды.

Үйдегі жанжал үшін ер адамға қосымша бес тәулік әкімшілік қамау жазасы берілген.

Павлодар қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Саяқат Шакамановтың айтуынша, көмек арызданушыға да көрсетілген – әйел қиын өмірлік жағдайда қалған әйелдерге арналған орталыққа орналастырылып, мамандардың психологиялық қолдауына жүгінген.

Статистикаға сүйенсек, биыл өңірде 159 адам мәжбүрлі емге жіберілген. Сонымен қатар 2757 адам отбасылық-тұрмыстық құқық бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, 2460 қорғау нұсқамасы шығарылған. Ал осы нұсқаманы бұзған 111 адам әкімшілік жазаға тартылған.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды