Анасы өлтіріп, әжесін жарақаттаған: Ақтөбеде немересінің қолынан зардап шеккен кейуананың жағдайы қалай

Фото: primeminister.kz
2025 жылғы 4 желтоқсанда 16 жастағы ұлының қолынан қаза тапқан әйелдің жерлеу рәсімі өтті. Марқұмның жасы 41-де болған. Ал, зардап шеккен әжейдің хәлі мүшкіл, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті Мой город басылымының жазуынша, кейуана ауруханаға 2 желтоқсанда түн ортасында көптеген пышақ жарақаттарымен жеткізілген. Қазір 71 жастағы әйел Ақтөбедегі №1 қалалық көпсалалы ауруханада ем алып жатыр.

"Науқас 01:40-та түсті. Жағдайы ауыр болды. Оған травматикалық шок және геморрагиялық шок диагнозы қойылды, мойын, жамбас, иық, білезік, қол аймағында көптеген пышақ-жарақаттары, сыртқы қан кету, қабырға сынуы, кеуде қуысының жабық жарақаты анықталды. Зардап шегуші жансақтау бөліміне жеткізіліп, жарақаттары тігілді, қазір травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр", – деді аурухананың бас дәрігері Қадырбек Иманбаев.

Әжей сөйлей алмайды және нашар естиді. Дәрігерлер оны келесі аптада амбулаторлық емге ауыстыруға шешім қабылдап отыр.

Қанды қылмыс болған үй қаланың қақ ортасында орналасқан. Көршілердің айтуынша, отбасы толық, жағдайы жақсы, үш бала тәрбиелеп отырған. Ұсталған жасөспірім – отбасындағы үлкен ұл.

Бұған дейін Ақтөбеде жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінгенін жазғанбыз.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды