Ақтауда көлікке бензин құйып жатқанда аузында темекесі болған оператор жазаланды

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысында көлікке бензин құю кезінде темекі шегіп тұрған бекет операторына айыппұл салынды. Аталған жайттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 10 желтоқсанда Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Ақтау қаласы, 25 ықшам ауданындағы АГҚС операторының қызметтік міндетін атқару кезінде темекі шегіп тұрғаны анықталды. Тексеру нәтижесінде оған ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұл бапқа сәйкес, кінәлі тұлғаға 5 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылады (19 660 теңгеден 589 800 теңгеге дейін).

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді