Боранда қалып қойған автобус пен 150 жүк көлігі: Полицейлер тасжолда қалып қойғандарға қалай көмектесуде

Сурет: pixabay
Қарағандылық полицейлер -25°C аязда дизель отыны қатып, Қарағанды – Шідерті республикалық автожолында тұралап қалған автобусқа көмекке келді. Олар жедел әрекет етіп, жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы өңірдегі полиция департаментінің ақпаратынан белігілі болды.

Тәртіп сақшылары Ұлан Мұзапаров пен Евгений Кротенко кезекшілік ету барысында Шымкенттен Ресей Федерациясы қарай шыққан Van Hool автобусының тоқтап тұрғанын байқаған. Көліктің сары аязда дизель отыны қатып қалған, ал салонда 15 жолаушы болған.

Полицейлер жағдайды тез бағалап, адамдарды қауіпсіз жерге көшіруді бастады. 15 жолаушы мен 2 жүргізуші Майөзек ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Қазіргі уақытта бәрінің жағдайы жақсы.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жолдың 1008-шақырымына қауіпсіздік белгілерін орнатып, арнайы қызметтерге хабар берген.

Полиция қысқы маусымда ұзақ жолға шығарда ауа райын және көліктің техникалық дайындығын алдын ала тексеру қажеттігін ескертеді.

Бұл ретте, жетісулық полицейлер 150 жүк көлігін қауіпсіз жерге дейін алып жүрген.

"Жетісу облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жолдарда жағдай күрделі. Боран мен көктайғақ салдарынан бірқатар учаскелерде қозғалыс уақытша шектелді. Осындай сәтте полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеуде.Патрульдік полиция батальонының экипаждары Алматы–Өскемен трассасының қауіпті бөлігі арқылы 150 жүк көлігінен тұратын колоннаны қауіпсіз демалыс орындарына дейін ілесіп жеткізді. Жүргізушілер жылынып, ауа райының жақсаруын күтулері үшін жақын маңдағы кемпингтерге орналастырылды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін 10 желтоқсанда Алматыға алғашқы қар түсіп, түнде ондаған жол апаты тіркелгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды