Тоқаев Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша пікір білдірді

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумда Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіретіндігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы еліміз Түрікменстан Президентінің БҰҰ бейбітшілік және бейтараптық университетін ашу жөніндегі бүгінгі ұсынысын қолдайтынын айтты.

"Қазірдің өзінде жаһан жік-жікке бөлінуден, тіпті ядролық соғыстан бас тартып, бейбітшілік, сенім, ынтымақ секілді құндылықтарды басшылыққа алған кезде әлемде әділетті және орнықты тәртіп орнатуға болатыны белгілі болды. Осы орайда еліміз Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді. Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуінен кейін бейбітшілік пактісінің негізгі ережелері белсенді талқылана бастады. Бұл көптен күткен бітімге келу мүмкіндігін жақындатты", – деді Президент.

Бұған дейін мемлекет басшысының Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумда сөз сөйлегенін жазғанбыз.

Қазақстан
Түрікменстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Қазақстанның үш өңірінде тұрғындар референдумға дауыс беруге кезекте тұр

Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумда дауыс берді

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған