136 млн теңге шығын: елордада "S-Group" қаржы пирамидасы бойынша тергеу жүріп жатыр

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Sincere Systems Group LTD" ("S-Group") қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу деректеріне сәйкес, "S-Group" өзін Ұлыбританияда тіркелген инвестициялық қор ретінде таныстырып, Forex нарығында сенімгерлік басқару, майнинг, сондай-ақ SWP және SWCT атты ішкі криптотокендермен сауда жүргізу қызметтерін ұсынған. Компания салымшыларға ай сайын 15–20%, ал жылдық табысты 120–180% деңгейінде уәде еткен.

Инвестициялық қызметтің заңды түрде жүргізіліп жатқандай көрінуі үшін қатысушыларға компания сайты арқылы жеке кабинетке қолжетімділік берілген. Онда виртуалды депозиттер, "табыстың өсуі" және есептелген қаражат көрсетіліп отырған.

Алайда іс жүзінде салымшылардың ақшасы инвестицияланбаған. Тергеу барысында қаражаттың күдіктілердің жеке қажеттіліктеріне жұмсалғаны анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 136 млн теңгеден асты.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушылар елорда аумағында екі пәтер мен екі автокөлік сатып алған. Аталған мүлікті ықтимал тәркілеуден жасыру үшін олар сенімді тұлғалардың атына рәсімделген. Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады