Анасын өлтіріп, әжесін жарақаттаған: зардап шеккен ақтөбелік ауруханадан босап шықты

Сурет: freepik
Ақтөбеде жасөспірім күдікке ілінген қылмыс кезінде ауыр жарақат алған кейуана ауруханадан шықты. Ол көптеген пышақ жарақатымен №1 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, 71 жастағы әйел мойын, жамбас, иық, қол тұстарында көптеген кесілген, тілік түріндегі жарақаттар, қабырғаның сынуы, кеуде мен қарын тұсының жабық жарақаты бойынша медициналық мекемеге жеткізілген. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, ашық жарақаттары тігілген. Кейуана өздігінен сөйлей алмаған әрі құлағының естуі де нашар болған. 

15 желтоқсанда ауруханада науқастың жағдайы жақсарғанын, өздігінен жүріп-тұратынын хабарлады. Ол ауруханадан босатылып, ем-домды үйінде жалғастыратын болды.

Айта кетсек, желтоқсан айының басында Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп, әжесін пышақтады деген күдікке ілінгені белгілі болды. Полиция кезекші бөлімге пәтерлердің бірінде аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарлама келіп түскенін айтты. Шақыру бойынша оқиға орнына келген тәртіп сақшылары зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің денесін тапты. Сонымен қатар, сол пәтерден көптеген пышақ жарақатымен егде жастағы әйел де табылып, ол ауруханаға шұғыл жеткізілді. Кәмелетке толмаған күдікті мойындау түрінде куәлік берді. Кейін көршілер бұл жағдайға қатты таң қалғандарын айтты, өйткені бұл отбасы бақ-қуатты, толыққанды, үш баланы тәрбиелеп өсіріп отыр. Ұсталған жасөспірім - үлкені, екінші ұлы - кіші. Үлкен екі бала жекеменшік мектепте оқиды. Кішісі - 5 жасар. Ата-аналары жұмыс істейді. Балалар әдепті, әрқашан әжесіне көмектесіп жүретін. 

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады