Жезқазғанда полиция аса ірі көлемдегі есірткі саудасын тоқтатты

Фото: Zakon.kz
Ұлытау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел ақпарат негізінде Жезқазған қаласында аса ірі есірткі қылмысын әшкереледі.

Арнайы іс-шара барысында қала көшелерінің бірінде 49 жастағы әйел жүргізген автокөлік тоқтатылды. Көлікте 32 жастағы жолаушы да болған.

Тексеру кезінде жүргізушінің сөмкесінен сарғыш-қоңыр түсті ұнтақ тәрізді зат салынған екі зип-пакет табылып, заттай дәлел ретінде тәркіленді.

Сондай-ақ күдіктілердің тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тергеу әрекеттерінде ас үй бөлмесінен сарғыш-қоңыр және қоңыр түсті заттары бар тағы үш zip-пакет, сондай-ақ есірткі заттарын сақтау және өлшеуге арналған құралдар анықталып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар психотроптық және есірткі құралдары ретінде танылды. Алынған есірткі заттарының жалпы салмағы 900,7 граммды құрап, аса ірі мөлшерге жататыны анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды