Астанада жаңажылдық шырша шамы қашан жағылады және қай көшелерде қозғалыс шектеуі енгізіледі

Сурет: Астана әкімдігі
Астана әкімдігі жаңажылдық шырша шамы қашан жағылатындығын мәлімдеді. Осыған орай, қаладағы бірқатар көшелерде қозғалыс шектеулері енгізілмек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, бүгін, 2025 жығлғы 19 желтоқсанда қаланың барлық алты ауданында бір уақытта 40 тан астам жаңа жыл шыршасының шамы жағылмақ. Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтары үшін концерттер мен мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында іс-шаралар өтетін уақытта "Астана Арена" стадионының маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Шектеулер "Алау" мұз сарайы жағындағы көше мен "Астана Арена" стадионының шығыс жағындағы көшеге қатысты болады",- деп ескертті әкімдік.

Сурет: Астана әкімдігі

Қозғалыс шектеулері шырша шамын жағу басталғанға бірнеше сағат бұрын күшіне енеді және барлық мерекелік іс-шара аяқталған соң алынады.

Жүргізушілерден алдын ала жүру бағытын жоспарлауды және жол қозғалысының ұйымдастырылуындағы өзгерістерді ескеруді сұрады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды