Қостанай облысында халықаралық бағыттағы автобус бұзылып, шетелдіктер эвакуацияланды

Сурет: видеодан алынды
Өткен түнде Қостанай облысы, Федоров ауданы аумағында ТЖМ құтқарушылары республикалық маңызы бар "Астана – Қостанай – РФ шекарасы" тас жолында бұзылған автобустың жолаушыларына көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Федоровка ауылынан 4 шақырым қашықтықта "Тәжікстан – РФ" бағытымен қатынаған автобус бұзылып, орта жолда қалып кеткен. Қатты аязға байланысты жолаушыларға қауіп төнді.

"ТЖМ, ЖАО және ПД күшімен 16 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Жолаушылар Жарқөл ауылындағы жылыту пунктінде орналастырылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ешкім медициналық көмекті қажет етпегені де нақтыланады. 

Құтқарушылар ауа райы нашарлаған кезеңдерде ұзақ сапарға шықпауға кеңес береді, ал төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бұған дейін жолаушы толы автобус Екібастұз қаласы маңында бұзылып, орта жолда қалып кеткені хабарланған.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, тұман түседі": Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Рыбакина үшін күтпеген кездесу: Шарапова чемпиондық трофейді табыстады

Бектенов қазақстандықтарды криптосаладағы алаяқтықтың жаңа түрлерінен қорғауды тапсырды