Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты

Фото: Zakon.kz
Түркістанда полицейлер пәтер ұрлығы дерегін дер кезінде анықтап, қылмыстың бетін ашты.

Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арыздана отырып, өз үйінен алтын бұйымдары мен қаражатының ұрланып жатқанын хабарлаған.

Арыз түсе салысымен тәжірибелі жедел уәкілдерден арнайы топ құрылып, барлық қажетті іс-шаралар жедел түрде жүзеге асырылды.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында күдікті ретінде жәбірленушінің келіні анықталды. Ол биыл мамыр айынан бері үйден түрлі мөлшердегі алтын әшекейлер мен қолма-қол ақшаны жасырын түрде ұрлап келген.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 8 500 000 теңгені құрады. Күдікті ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны түгелдей құмар ойындарына жұмсаған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді