Алматыда мектептерде жаппай қастандық жасалуы мүмкін деген жалған хабар тарады

Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыдағы бірнеше мектепте террорлық әрекеттер дайындалуы мүмкін деген хабарламалар таралуда. Қалалық Полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі осыған қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ПД мәліметіне сәйкес, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және жалған хабар болып табылады. Қазіргі уақытта қаладағы барлық оқу орындарындағы жағдай толық бақылауда.

"Полиция мен басқа да жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, балалар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда", – делінген хабарламада.

Жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталған. Қазіргі уақытта хабарламаның авторы мен көзі анықталуда, оны таратқан тұлға заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

Полиция тұрғындарға бірнеше ескерту жасады: сабыр сақтау, паникаға берілмеу, тек ресми ақпарат көздеріне – мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының хабарламаларына сену, сондай-ақ тексерілмеген хабарламаларды таратып немесе көшіріп жібермеу.

"Балалардың қауіпсіздігіне қатысты жалған ақпаратты тарату – ауыр құқық бұзушылық болып табылады және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соқтырады", – деп ескертті ПД Алматы баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қаңтарда Алматы әуежайы әкімшілігі "әскери жағдай" туралы тараған алаңдатушы хабарламаларға жауап берген болатын. Сол кезде әуежайдың баспасөз қызметі әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс